Бактерияға қарсы қорғау құралдары

Антисептикалық құралдар бактериялық, вирустық және басқа да инфекцияларға шалдығу қаупін төмендетеді. Антисептиктерді дүкенге немесе дәріханаға барған сайын, көлікте жүріп, басқа адамдармен байланыс жасаған сайын қолданып отыру тері арқылы бактериялардың таралуын болдырмайды. Бұл жұқпалы аурулардың алдын алудың жақсы әдісі.

Amway каталогында бактерияға қарсы қорғау құралдарының бірнеше тобы ұсынылған*:

  • қолға арналған антисептикалық гельдер немесе ерітінділер;
  • антисептиктер сіңірілген майлықтар;
  • табиғи материалдардан жасалған дербес бетперделер.

Артықшылығы

Бактерияға қарсы әсері бар гельдердің құрамында кем дегенде 62% изопропил спирті бар және олар тиімді залалсыздандыруды қамтамасыз етеді.

Залалсыздандырғыш гельдің құрамында қол терісін құрғаудан қорғайтын ылғалдандырғыш компоненттер бар.

Құрамның әсері кең ауқымды болып келеді және ол вирустардан, бактериялардан, саңырауқұлақтардан қорғайды.

Көп мәрте пайдалануға арналған бетперделер табиғи материалдардан жасалған, олардың құрамында синтетикалық компоненттер жоқ. Олар қауіпсіз, аллергия немесе терінің тітіркенуін тудырмайды.

Ылғалды майлықтар қол терісін тазартады, олардың құрамында бактерияға қарсы, залалсыздандырғыш әсерге ие компоненттер бар. Олар кез келген ластануларды, сонымен бірге шаңды, майлардың, жақпамайлардың, косметиканың іздерін, жағымсыз иістерді кетіреді.

Amway құралдарының құрамында дәрілік компоненттер немесе антибиотиктер жоқ. Олар қауіпсіз, аллергия тудырмайды. Оларды компанияның интернет-дүкенінен тиімді бағамен сатып алуға болады.

*Сатылымдағы тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың көрсетілген суреттері олардың нақты сыртқы түрінен өзгеше болуы мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан танысуға болады.